«Ертегілер әлемінде» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
22 сәуір күні Балуан Шолақ ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Ертегілер әлемінде» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандарды кітап оқуға баулу, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрме барысында оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, ертегілер жинақтары, жазушылардың шығармалары мен жаңа әдебиеттер ұсынылды.




