«Ұлттың ұлы жазушысы» библиофреш өткізілді.
21 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлттың ұлы жазушысы» библиофреш өткізілді.
Іс- шара Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша өткізілді. Іс-шара барысында романның негізгі тақырыптары мен кейіпкерлері талқыланды Оқырмандарға кітаптан үзінділер оқылды. Барлық қатысушылар кітап кейіпкерлерінің өмірімен жақынырақ танысып, романның терең мәнін сезіне алды.


