«Тарих пен тағдырды толғаған қаламгер» дөңгелек үстел өтті.
21 сәуір күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділов шығармаларын насихаттау мақсатында «Тарих пен тағдырды толғаған қаламгер» дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында жазушының шығармаларында ел тағдыры, ұлт тарихы, туған жер тақырыптарының кеңінен қамтылғаны айтылды. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісіліп, оның туындылары халқымыздың тарихын, тағдырын, рухын танытатын асыл мұра екені оқырмандарға терең түсіндірілді.


