«Кітап – алтын қазынам» кітап көрмесі өтті.

21 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасы қызметкерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – алтын қазынам» кітап көрмесі өтті.

Мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жаңа әдебиеттермен таныстыру, ақпараттық-библиографиялық білімдерін толықтыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау.Сондай-ақ, көрме оқырман назарын белгілі бір тақырыпқа аударып, кітапхана қорын танымал етеді.