«Тарих пен тағдыр айнасы – Қабдеш Жұмадилов» танымдық сағаты өткізілді.
20 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акция аясында ақын, жазушы Қабдеш Жұмадилов 90 жыл толуына орай «Тарих пен тағдыр айнасы – Қабдеш Жұмадилов» танымдық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірбаянымен, қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойына қосқан үлесімен танысты. Сонымен қатар оның шығармаларында тарихи оқиғалар мен қазақ халқының тағдыры кеңінен көрініс тапқаны айтылды.


