«Кітап арқылы әлемді таны» кітап оқу алаңы өтті.

18 сәуір күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітап арқылы әлемді таны» кітап оқу алаңы өтті.

???? Іс-шараның басты мақсаты: кітаптың Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай терімен келген асыл мұра екенін ұғындыру. Сонымен қатар, білім мен ғылымды, тарих пен өнерді тануда кітаптың маңызын насихаттау.

????Шара барысында балалар мен жастардың оқу мәдениетін арттыруға, көркем әдебиетке қызығушылығын оятуға және олардың бойында азаматтық, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.