«Жемқорлықсыз ел!» тич-ин өткізілді.
17 сәуір күні Абай ауылдық кітапханасында «Жемқорлықсыз ел!» тич-ин өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Шара барысында жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес жолдары түсіндіріліп, қатысушылар арасында сұрақ-жауап, пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара соңында қатысушылар жемқорлыққа қарсы көзқарастарын білдіріп, адал қоғам құруға өз үлестерін қосуға дайын екендерін көрсетті.




