«Өлкемізден шыққан дара тұлғалар» талқылау алаңы өтті.
17 сәуір күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен мектеп кітапханашысы мен бірлесіп ұйымдастырылған 23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай «Өлкемізден шыққан дара тұлғалар» талқылау алаңы өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы өңірімізден шыққан ақын-жазушылар, ғалымдар, батырлар, қоғам қайраткерлері туралы мәліметтермен таныстырды. Кеш қонағымыз Шу ауданның құрметті азаматы, ақын С.Мәлібековке сөз беріліп, оқырмандардың қойылған бірнеше сұрақтарына жауып беріп, аққынның өмір жолы мен жетістіктері туралы пікір алмасты. Мектеп директоры Қ.Тасибеков оқушыларға жылы лебізін білдіріп сіздердің араларыңыздан ел мақтан тұтар дара тұлғалар шығарына сенім артты. Сонымен қатар кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш соңында сый-сияпат табысталды.





