«Заң және өмір» атты ашық алаң өткізілді.

17 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Заң және өмір» атты ашық алаң өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы заңның адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып: «Адам өмірінде заңның орны ерекше. Заң – әділдік пен теңдіктің кепілі. Егер заң болмаса, қоғамда тәртіп болмайды», – деп атап өтті.

Шараның мақсаты: оқырмандарға заңның қоғамдағы рөлін түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.