«Ойы терең, қаламы қарымды жазушы» танымдық кеш ұйымдастырып өткізді.
17 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қазақтың белгілі жазушысы, драматургы З.Ақышевтың 115 жылдық мерейтойына орай «Ойы терең, қаламы қарымды жазушы» танымдық кеш ұйымдастырып өткізді. Іс шара барысында қаламгердің өмірі мен еңбектері жайлы мағлұмат берілді.
Мақсаты: Зейтін Ақышевтың шығармалары арқылы тәрбие беру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау және қазақ халқының өмірі мен дәстүрін шынайы көрсету.


