«Шөмішбай Сариев – халықтың үні» өмірбаяндық шолу өтті.

16 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен белгілі ақын, қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевке арналған «Шөмішбай Сариев – халықтың үні» өмірбаяндық шолу өтті.

Кітапханашы ақынның 500-ге жуық өлеңі қазақ композиторларының әндеріне арқау болғанын атап өтті. «Атамекен», «Домбыра», «Сарыарқа», «Қарағым-ай», «Аяулым» секілді туындылары бүгінгі күнге дейін әншілер репертуарынан түспей, халық жүрегінен орын алып келеді.