«Менің сүйікті кітаптарым» кітап жәрмеңкесі өткізілді.
16 сәуір күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесі қарсаңында «Менің сүйікті кітаптарым» кітап жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар кітап әлеміне саяхат жасап, кітаптың шығу тарихы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасалып, оқырмандарды кітап оқуға баулу жұмыстары жүргізілді.



