«Ұлағатты әжелер – ұлт ұйытқысы» атты кездесу кеші өтті.
16 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандар мен «Асыл әжелер» клубы мүшелерінің қатысуымен «Ұлағатты әжелер – ұлт ұйытқысы» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шара барысында «Алып анадан туады, тектілік тұқым қуады» деген нақыл сөздің мәні кеңінен түсіндіріліп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ардақты аналар мен ақ жаулықты әжелердің өнегелі өмір жолы сөз болды.



