«Кітап – білім кілті» ашық есік күні өткізілді.

16 сәуір күні Белбасар ауылдық кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – білім кілті» ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күні аясында кітапханаға келген оқырмандар кітап көрмелерімен танысып, жаңа әдебиеттерге шолу жасап, кітапхананың қызметімен жақынырақ танысты. Шара барысында келушілер өзара пікір алмасып, кітаптың құндылығы туралы ой бөлісті.

Кітап – білім кілті – бұл кітаптың адам өміріндегі алар орны ерекше екенін айқындайтын тәрбиелік мәні зор тақырып. Кітап – білімнің, ғылымның, тәрбиенің және рухани байлықтың қайнар көзі. Адам кітап оқу арқылы дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ойын дамытады, сөздік қорын молайтады және өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.