«Қазақ әдебиетінің қара нары» тұлғатану сағаты өтті.

15 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің қара нары» тұлғатану сағаты өтті.

Шара барысында оқырмандар Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы, балалық шағы, шығармашылық кезеңдері туралы баяндамамен танысып, сонымен қатар, жазушының «Тағдыр», «Дарабоз» сияқты белгілі шығармаларына шолу жасалып, олардың тарихи маңызы түсіндірілді.