«Тау тұлғалы ақын» сыр сандық өткізілді.
15 сәуір күні №2 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Тау тұлғалы ақын» сыр сандық өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы ақынның жүрекке жылы тиетін жырларымен елге танылғанын атап өтіп, оның өлеңдері туған жерді, елді сүюге, рухты биік ұстауға үндейтінін жеткізді.




