«Қара сөздің зергері» танымдық сағат өткізілді.
15 сәуір күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған «Қара сөздің зергері» танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет беріліп, оның қазақ әдебиетіндегі ерен еңбегі мен өлшеусіз үлесі атап өтілді. Сонымен қатар, жазушының «Тағдыр» романына және өзге де туындыларына шолу жасалып, негізгі тақырыптары мен идеялары талқыланды.




