«Жыр болып төгілген ғұмыр» әдеби сазды кеш ұйымдастырып өткізді.
15 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ ақыны, аудармашы Ш.Сариевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Жыр болып төгілген ғұмыр» әдеби сазды кеш ұйымдастырып өткізді.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар «Арайлы көктем» ,«Үш өлшем» «Тағдыр жыры» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды.





