«Қазақ лирикасының сыршыл ақыны» поэзия кеші өтті.

15 сәуір күні орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті лирик ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ лирикасының сыршыл ақыны» поэзия кеші өтті.

Іс шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды мәлімет берді. Оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармаларының мазмұны мен идеясын талдады. Сонымен қатар, ақынның қазақ эстрадасына кеңінен танымал ән мәтіндерінің авторы екендігі де атап өтілді.