«Отбасы мейірім-зорлықтың алдын алу құралы» кездесу кеші
10 сәуір күні орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға
қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен
«Отбасы мейірім-зорлықтың алдын алу құралы» кездесу кеші
өткізді.
Кездесу кешіне Төле би ауылдық округінің ақсақалдар алқасының
төрағасы Құрманбеков Мырзахан Оразымбетұлы, Төле би ауылдық
округінің жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандары
Ермекбаева Гүлнұр Ермекқызы, Көшен Динара Нұржанқызы және
E.Бекмаханов мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Аталмыш шарада Мырзахан Оразымбетұлы жастарға
отбасылық құндылықтарды, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеумен
қатар қоғамда мейірімділік пен сыйластыққа шақырды.
Мақсаты: қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-
анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін
кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту.



