«Ұлы дала ақыны» сыр сандық өтті.
10 сәуір күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Жыр алыбы, жыршы – жырау, халықтың ірі айтыскер ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына «Ұлы дала ақыны» сыр сандық өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықты сүйіспеншілігіне бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен таныстырылды.
Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сыр сандық сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, кітап қорындағы ақынның шығармалары таныстырылып, оқырмандарға ұсынылды.



