«Ғажайып ғарыш алаңы» қызықты хабарламалар сағаты өткізілді.

10 сәуір күні 12-сәуір Ғарышкерлер күніне орай Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ғажайып ғарыш алаңы» қызықты хабарламалар сағаты өткізілді.

Іс шарада кітапханашы оқырмандарға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік бере отырып, ең алғашқы және қазақстандық ғарышкерлер жайлы айтып, шығармашылық ізденістерін кеңейті. Ғарышкерлер өмірінен мағлұмат бере отырып, ғарышкерлердің еңбегін, батылдық ісін мәңгі есте сақтап, мақтан тұту керек екенін айтты.