«Шығармашылық шыңындағы ақын ана» атты сыр кеші өтті.

8 сәуір күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, оқушылар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Қазақстан Патриоты» журналының меншікті тілшісі, Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы», ақын-сазгер Бақыт Исаеваға арналған «Шығармашылық шыңындағы ақын ана» атты сыр кеші өтті.

Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, кітапханашы жерлесіміз, құрметті азамат, ақын-сазгердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді.