«Туған жердің тарихы – ұрпаққа аманат» атты өлкетану сағатын өткізді.
7 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлері «Туған жердің тарихы – ұрпаққа аманат» атты өлкетану сағатын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы туған жердің қадір-қасиеті туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.
Іс-шара барысында Шу өңірінің тумалары мен шығармашылығына ерекше назар аударылып, Сауытбек салдың мұрасы, «Шу өлкесі», «Шу антологиясы», сондай-ақ Бақыт Исаева авторлығындағы кітаптарға шолу жасалды.
Өлкетану сағаты оқушыларға туған жердің тарихын танып-білуге, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталды.



