«Ұлт тарихын көркем бейнелеген қаламгер» әдеби-танымдық кеш өткізілді.
7 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінде көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлт тарихын көркем бейнелеген қаламгер» әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Іс шара барысында кітапханашы С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат бере отырып, ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасады.




