«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр» спорттық саяхат өткізілді.
6 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр» спорттық саяхат өткізілді.
Шара барысында қатысушылар түрлі спорттық ойындарға белсенді қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, кітапханашы денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Іс-шара соңында кітапхана қорындағы денсаулыққа қатысты кітаптар мен журналдарға шолу жасалып, оқушыларға таныстырылды.



