«Денсаулық зор байлық» флешмоб өткізілді.
6 сәуір күні Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен № 10 колледж білімгерлерімен «Денсаулық зор байлық» флешмоб өткізілді.
Флешмоб барысында білімгерлер денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасап, белсенді қимыл-қозғалыс арқылы өздерінің сергектігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар «Денсаулық – зор байлық» ұранын қолдап, көтеріңкі көңіл күйде өнер көрсетті.





