«Денсаулық – баға жетпес байлық» атты дайджест өткізілді.

3 сәуір күні 5 сәуір – Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Денсаулық – баға жетпес байлық» атты дайджест өткізілді.

Шара барысында оқырмандармен түрлі спорттық ойындар, атап айтқанда шеңберлі доп және теннис ойындары ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды.