«Кітап әлемінде адаспа» буккросинг саябақта өтті.
2 сәуір күні 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітап әлемінде адаспа» буккросинг саябақта өтті.
Шара барысында кітапханашы кітап қорына түскен жаңа балалар әдебиеттерімен таныстырып, оқуға ұсынды. Қызылды-жасылды суреттермен көмкерілген кітаптар балалардың оқуға деген қызығушылықтарын одан ары арттыра түсті.



