«Артық білім – кітапта» оқу марафоны өтті.
2 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Артық білім – кітапта» оқу марафоны өтті.
Шара барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жанрдағы кітаптар таныстырылып, олардың мазмұны туралы мағлұмат берілді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, сүйікті кітаптары жайлы әңгімеледі.


