«Кітап – сарқылмас қазына» кітап көрмесі өтті.
2 сәуір күні Абай ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – сарқылмас қазына» кітап көрмесі өтті.
Көрмеге балалар әдебиетінің таңдаулы туындылары, қазақ және шетел жазушыларының ертегілері, танымдық кітаптар мен қызықты әңгімелер қойылды. Сонымен қатар, оқырмандарға кітаптың маңызы, оның адам өміріндегі алатын орны туралы мағлұмат беріліп, кітап оқудың пайдасы кеңінен насихатталды.




