«Кітап – менің досым!» ми сақинасы өткізілді.

2 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір – Балалар кітабы күніне орай «Кітап – менің досым!» ми сақинасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, кітапханаға оқырмандарды тарту және күнделікті өмірде кітап оқудың маңызын насихаттау.

Шара барысында кітапханашы оқырмандарға қызықты кітаптар оқып беріп, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Балалар жаңа түскен әдебиеттермен танысып, өздерінің оқуға деген ынталарын көрсетті.

Кеш мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтіп, жас оқырмандарға ерекше әсер қалдырды.