«Кітап-ғажайып әлем» кітапханаға саяхат сабағы өтті.

1сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай кішкентай оқырмандардың қатысуымен «Кітап-ғажайып әлем» кітапханаға саяхат сабағы өтті. Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.