«Жүрек жырын жырлаған» поэзия сағатын өткізді.

31 наурыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Күләш Ділдәқызы Ахметованың 80 жылдық мерейтойына орай «Жүрек жырын жырлаған» поэзия сағатын өткізді.

Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, қатысушылар Күлаш Ділдақызының жүрекке тиетін лириалық өлеңдерін оқыды.

Мақсаты: Жас ұрпаққа ақын мұрасын насихаттап, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.