«Өнер – таусылмас қазына» тақырыбында әдеби арбат өткізілді.

30 наурыз күні № 2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мәкіл Құланбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Өнер – таусылмас қазына» тақырыбында әдеби арбат өткізілді.

Іс-шара барысында оқырмандарға өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесі кеңінен насихатталды. Қатысушылар тұлғаның еңбектерімен танысып, рухани тағылым алды. Кеш соңында өнердің мәңгілік құндылық екені атап өтілді.