«Табиғатты аяласаң – аяла» атты экосаяхат өткізілді.

27 наурыз күні Абай ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Табиғатты аяласаң – аяла» атты экосаяхат өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар табиғаттың сұлулығын сезініп, оны қорғауға, экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға үндейтін тәрбиелік мәні зор мағлұматтар алды.