«Менің сүйікті кітабым» оқырман бенефисі өтті.
27 наурыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен № 10 колледж білімгерлері және кітапхананың тұрақты оқырманы Мансұрұлы Бөлтіріктің қатысуымен Өміріме әсер еткен бір кітап жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» оқырман бенефисі өтті.
Шара барысында оқырман өзінің сүйікті кітабы туралы ой бөлісіп, авторы мен шығарманың мазмұны, тәрбиелік мәні туралы айтып берді. Сонымен қатар кітаптан үзінділер оқылып, сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылды. Бұл кездесу оқырмандарды кітап әлеміне жақындатып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, әдеби шығармаларды терең түсінуге ықпал етті.
Мақсаты: Оқырман бенефисі арқылы білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру көзделді.




