«Жаса, Наурыз дәстүрлері!» іс-шара өтті.

19 наурыз күні Балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Жаса, Наурыз дәстүрлері!» іс-шара өтті. Шараға «Ай-бота» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі ұлттық ойындарды таныстыру, олардың маңызын түсіндіру. Балаларға асық ойындары (асық ату, хан талапай, бес асық), сондай-ақ «Тақия тастамақ» сынды дәстүрлі ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.