«Ұлттық құндылықтар – асыл мұрамыз» білім круизі өтті.

19 наурыз күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, шешендік сөздерді, салт-дәстүр мен тыйым сөздерді насихаттау мақсатында «Ұлттық құндылықтар – асыл мұрамыз» білім круизі өтті.

Шара барысында оқушыларға ұлттық құндылықтар туралы түсінік беріліп, тыйым сөздер, ырым-тыйымдар мен салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап алынды. Сонымен қатар, белгісіз сөздерді тауып, олармен сөйлем құрау арқылы білімдерін шыңдады.

Іс-шара соңында домбыраның әсем күйімен қорытындыланды.