«Ұлттық ойын – Асық ату» шара өткізілді.
19 наурыз күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Ұлттық ойын – Асық ату» шара өткізілді.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтары кеңінен таныстырылды. Қатысушылар асық ойынының ережелерімен танысып, ұлттық ойын арқылы ептілік пен мергендіктерін сынады.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық мұраны насихаттау, салт-дәстүрге деген құрметін арттыру және ұлттық ойындарды жаңғырту.



