«Күлімде, Наурыз, күлімде» атты әдеби-музыкалық композиция өткізді.

18 наурыз күні Еңбекші ауылдық кітапханасының қызметкері Еңбекші орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен «Күлімде, Наурыз, күлімде» атты әдеби-музыкалық композиция өткізді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарды Наурыз мейрамы мерекесімен құттықтап, мерекеге арналған өлеңдерін оқып, шашу шашты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.