«Ұлыс оң болсын» әдеби-әуенді кеш өткізді.
18 наурыз күні Оразалы ауылдық кітапханасы мен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп бірлесіп «Ұлыс оң болсын» әдеби-әуенді кеш өткізді. Кеш барысында оқушылар ұлттық дәстүрді дәріптеп, үлкендерден бата алып, ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Іс-шара ерекше мерекелік көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.

