«Күлімде, Наурыз, күлімде» атты әдеби кеш өткізілді.

18 наурыз күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Күлімде, Наурыз, күлімде» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында кітапханашы Наурыз мейрамының мән-маңызына тоқталып, оның жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің мерекесі екенін атап өтті. Іс-шарада оқырмандарға ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, өлеңдер оқылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.