«Алаш көсемі – Әлихан Бөкейхан» тарихи танымдық кешін өткізді.

17 наурыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлері Е.Бекмаханов атындағы мектеп – гимназия оқушыларының қатысуымен «Алаш көсемі – Әлихан Бөкейхан» тарихи танымдық кешін өткізді.

Кеш барысында оқушыларға Алаш қозғалысының көшбасшысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі, қазақ халқының тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы атқарған еңбектері туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар Алаш қозғалысының тарихы, оның қазақ елінің болашағы үшін атқарған рөлі туралы деректер таныстырылып, оқушыларға тарихи танымдық ақпараттар ұсынылды.