«Жамбылдың жырлары – мәңгілік мұра» сыр кешін ұйымдастырып, өткізді.
16 наурыз күні Тасөткел ауылдық кітапханасының қызметкері «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбылдың жырлары – мәңгілік мұра» сыр кешін ұйымдастырып, өткізді.
Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оқушылар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.


