«Еңбек етсең ерінбей» өлкетану сағаты өткізілді.
16 наурыз күні Еңбекші ауылдық кітапханасында атақты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдығына орай «Еңбек етсең ерінбей» өлкетану сағаты өткізілді.
Шара барысында оқушыларға Жазылбек Қуанышбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және ел дамуына қосқан зор үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар оның қажырлы еңбегі, мал шаруашылығын дамытудағы жетістіктері мен халыққа үлгі боларлық еңбекқорлығы жайында баяндалып, жас ұрпақты адал еңбекке, табандылыққа тәрбиелеу мақсат етілді.



