«Ерлік пен Тәуелсіздік рухы» сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.

11 наурыз күні Абай ауылдық кітапханасында Қазақ халқының батыры, Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туғанына 60 жыл толуына орай «Ерлік пен Тәуелсіздік рухы» сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.

Бұл шараның мақсаты: жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің ерлігін таныстыру, олардың батылдығы мен отансүйгіштік рухын дәріптеу. Сонымен қатар оқырмандардың тарихи білімін арттырып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәнін түсіндіру.

Кеш барысында қатысушыларға Қайрат Рысқұлбековтың өмір жолы, ерлігі, тағдыры туралы мәлімет беріліп, арнайы дайындалған сұрақ-жауап викторинасы өткізіледі. Оқырмандар Желтоқсан көтерілісінің тарихы, батырдың өмірі мен ерлігі туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.

Іс-шарада батырдың өмірінен деректер айтылып, оның тәуелсіздік жолындағы күресі мен қайсарлығы туралы әңгімелер қозғалды. Сондай-ақ оқырмандарға патриоттық өлеңдер оқылып, тарихи деректер ұсынылды.

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст