«Ана-асыл қазынам» мерекелік кеш өтті.
6 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен ерекше көңіл-күйде «Ана-асыл қазынам» мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер аналарына арналған тақпақтарын айтып, ән шырқап, би биледі. Балалар “Ана туралы жыр”, “Анаға гүл” сияқты көріністер қойып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар қызықты ойындар ұйымдастырылып, аналар мен балалар бірге қатысты.




