«Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған» аналар мерекесіне арналған сазды кеш өтті.

6 наурыз күні Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мәдениет қызметкерлері мен кітапханашының ұйымдастыруымен «Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған» аналар мерекесіне арналған сазды кеш өтті.

Іс-шара барысында «Шуақ шашқан әжелеріміз» тобының әсем әндері шырқалып, жасөспірімдердің дайындаған билері көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.

Кеш мерекелік көңіл-күйге толы болып, аналарға құрмет көрсетілді.