«Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған танымдық кездесу өтті.

6 наурыз күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған танымдық кездесу өтті.

Іс-шара барысында балалар кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттермен танысып, қызықты кітаптар туралы мәлімет алды. Сонымен қатар Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қолдауымен балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында сый-сияпаттар табысталды.